Рудный полицейлері қала тұрғындарына 300 маска таратты

Акция барысында рудныйлық тәртіп сақшылары вирустан қорғану үшін көшеде тұрғындарға маскалар үлестірді. Құқық қорғау ведомствосының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына қорғаныс шараларын сақтау, сондай-ақ КВИ таралуының алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Рудный полицейлері атап өткендей, ең бастысы – қауіптің алдын алу.

⠀- Бұл – барлық қажетті стандарттар бойынша тігілген көп рет қолданылатын маскалар. Акция қатысушылары осы қорғаныс құралдарын пайдаланады деп үміттенеміз. Сіздің және сіздің жақындарыңыздың денсаулығын сақтауды сұраймыз, — дейді Рудный қаласы ПБ инспектор-психологы полиция аға лейтенанты Бибігүл Ермағамбетова.

Тәртіп сақшыларының мұндай әрекеті азаматтардың өз денсаулығына мұқият қарауға үйретеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай режимі аяқталған деп жарияланды, алайда санитарлық талаптарды орындау қажет. Полиция қазіргі жағдайда азаматтардың денсаулығын сақтап, инфекцияның таралуына жол бермейтін маңызды қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігіне назар аударады.

Вверх