Полицейлер ауыл тұрғынына көмек көрсетті

Қоғамдық қауіпсіздік пен тыныштықты сақтауда мінсіз қызмет ететін полицейлер, бұдан бөлек кез келген жағдайда тұрғындарға көмек қолын созушы, керек сәтте заң тұрғысында кеңес беруші, адасушыға жол көрсетуші екені даусыз.

 Сөзімізге дәлел ретінде айтар болсақ, Жангелдин ауданының Полиция бөлімінің қызметкерлері шалғай мекенде қиындыққа тап болған көмек көрсетті.

​Ағымдағы жылыдң 15 мамыр күні Жангелдин ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторлары полиция аға лейтенанты Алмат Капаров, полиция аға лейтенанты Олжас Абенов және полиция лейтенанты Мұратбек Әлімжан қызметте жүргендерінде қиындыққа тап боғлан азаматқа қолұшын созды. Олар Торғай және Арқалық тас жолының бойында Сужарған ауылының тұсында қатты жауған жаңбыр салдарынан жол үстінен шығып кетіп, батпаққа батып тұрған автокөлік иесіне көмек жасады.

Тәртіп сақшыларының көмегімен Жаркөл ауылының тұрғыны Қуат Нұржанов көлігін ретке келтіріп, сапарын жалғастырды. Содан соң полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.

​–Қостанай облысының полицейлері азаматтарға жолға шығар алдында көлігіңіздің жанармайын толтырып, ас-суларыңызды қамдап шығыңыздар деп кеңес береді. Соның нәтижесінде адасып жатқан, болмаса дұрыс емес бағытқа шыққан немесе басқа да техникалық қиындытарға тап болған көліктерді кездестіріп, көмектесіп жол көрсететін жағдайлар біздің қызметте көптеп кездеседі.-деп атап өтті торғайлық тәртіп сақшылар.

Сондықтан сіз де алдағы уақытта осындай жағдайға тап болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына қоңырау шалып, хабарласыңыз. Сақшылар қашанда қызметке дайын.

Вверх