«Үздік есірткіге қарсы бейнеролик» байқауына 20 жұмыс ұсынылды

Қостанайда полицейлер Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп "Үздік есірткіге қарсы бейнеролик" байқауын өткізді

Қазылар алқасы бағалайтын 20-дан астам жұмыс ұсынылды. Байқау «Esirtkisiz Bolashad» корпоративтік қорының қолдауымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған айлық аясында өтті. — Әлеуметтік ролик есірткінің адамға қалай әсер ететінін айқын көрсетеді.

Видеода есірткіні қолданудың салдары көрсетілген, — дейді Қостанай облысы ПД аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Айгүл Ераділова. Қазылар алқасының айтуынша, ұсынылған роликтер өзінше қызықты, ең жақсысын таңдау оңай болған жоқ.

— Салауатты өмір салтын насихаттау маңызды деп санаймын. Менің осы мәселеге деген көзқарасымды көрсетуге мүмкіндік туды, — дейді қатысушылардың бірі Томирис Фазылханова.

Нәтижесінде жеңімпаздар анықталды. Қазылар алқасы «Қысқа өмірдің ұзақ өлімі» ролигін ұсынған Анжелика Ситникті бірауыздан мойындады. Екінші орын Әмір Үсембаев, үшінші орын — Томирис Фазылханова.

Вверх