Туған өлке тарихымен танысты

Амангелді аудандық полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Болат Досмағанбетов Амангелді аудандық полиция бөлімінің жас қызметкерлеріне "Ерлік-елге мұра" атты іс-шара өткізді.

Іс шара барысында Амангелді Иманов атындағы аудандық мемориалдық музейімен таныстырып, музей қызметкерлері экскурсия ұйымдастырды. Жас тәртіп сақшыларына музейді таныстырған ғылыми қызметкер Жалғас Досбергенов. Аталмыш музейде Амангелді ауданының тарихын, ауданнан шыққан танымал тұлғалардың және ҰОС ардагерлерінің ерлік жолдары туралы мәліметтерді алуға болады. Полиция қызметкерлеріне бұл ақпарат өте пайдалы болды. Олар ел-жердің тарихын біліп, қызметке керек тұстарын түртіп алды.

 

Болат Досмағанбетовтің айтуынша, мұндай шаралар полиция қызметкерлері арасында жиі ұйымдастырылып тұрады.

Вверх