Рудныйлық полицей Ербол Сейтмағанбет бала күнінен домбырада ойнайды

Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған, өзіндік музыкалық сипаты бар, қасиетті қазыналы аспабы.

 Қазақ пен домбыра егіз ұғым. Осынау киелі аспап мәдениетіміздің жаңа кезенінде өзінің айрықша келбетін, қайталанбас құндылығын сақтап қалған. 2018 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде Ұлттық домбыра күні енгізілгенін жариялаған болатын. Шілде айының алғашқы жексенбісі – домбыра күні.

Қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыраны бүкіл ел болып тойланады. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені айтпаса да белгілі. Құрманғазы, Тәттәмбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін де жандандыруда да бұл күннің алар орны ерек болмақ. Қазақ даласындағы кез келген қара домалақтың домбыра шерте алатынына күмән келтірмесе де болады.

Бүгін полицей болып қызмет атқарып жүрсе де, қасиетті ұлттық домбырамызды жанынан тастамай күмбірлетіп жүрген Ербол Сейтмағанбеттің өнері көпке үлгі.

Ербол 1979 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы Аралбай ауылында дүниеге келген. Мектеп қабырғасында жүріп аудандық, облыстық іс-шараларға белсенді атсалысып, өзі туып өскен ауылдың атын шығарған өнерпаз.

– Өнерге деген құштарлығым Ермекбай Бәкенов деген нағашы ағамнан дарыған. 1984-1985 жылдары ағам біздің ауылға жиі қыдырып келетін. Келгенде домбырасын қолға алып, керемет күй ойнағанына тамсана қарап отыратынмын. Менің қызығушылығым оянғанын байқап, ол кісі маған ең алғаш домбыра қағуды үйретті. Осылайша, бірте-бірте домбыраны меңгеріп алдым. Сол шақтан бастап домбыраны ешқашан жанымнан тастаған емеспін,-дейді Ербол Сағынтайұлы.

Кейін жоғарғы оқу орындарында білімін жалғастыра жүріп, домбырасын қасынан атстамады. Керісінше, аспапта ойнағанның пайдасы көп дейді домбырашы.

Ербол Ы.Алтынсарин атындағы Рудный педагогикалық колледжінде, Қостанай мемлекеттік университеттің қазақ тілі мен әдебиеті факультетін, Қостанай әлеуметтік университетінің темір жолдағы жол қатынасы мамандығын, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының география пәні мұғалімі мамандығын тәмәмдады. Арман қуған Ербол Москва қаласындағы ашық мемлекеттік университетінің теміржол қатынастары мамандығын сырттай оқып аяқтаған.

Алғаш еңбек жолын 1998-2001 жылдары Арқалық қаласының Қарынсалды деген ауылында мұғалім болып бастаған. Кейін Қостанай әлеуметтік техникалық университетінде ұстаздық етеді. 2011 жылдан бастап Ербол ішкі істер органында. Қазіргі таңда Рудный қаласы Полиция басқармасында еңбек етеді.

–Ең кереметі, домбыраны қолыма алғансайын кеудеме асқақ бір күш-жігер, құл­шыныс, өмірге деген іңкәр құштарлық, туған еліме, жеріме, ұлтыма, мынау ғажайып сырлы әлемге деген шексіз махаббат сезімі пайда болады. Қазақтың қасиетті аспабына құрметтеп, мереке күнін ойластырған Елбасының көрегенділігі деп білемін. Біздің тарихи қойнауымыз осыдан бастау алады,-дейді.

Он жыл бойы Бейімбет Майлин атындағы ауданның Полиция бөлімінде жұмыс істеп, биыл Рудный қалалық полиция басқармасына ауысты. Рудный қаласы полиция басқармасының ювеналды полиция тобында мектеп инспекторы болып қызмет атқарап, өзі қалаған тікелей мұғалімдік қызметімен ұстаздық педагогикалық жолда балаларға әлі күнге дейін профилактикалық тәрбие педагогикалық білім беріп жұмысын жалғастырып келеді.

–Балаларды мектеп қабырғасынан бастап құқық бұзбауға жаман әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеп, үйретіп келемін. Бұл жұмыс оңай емес себебі бұл барлық құқық қорғау саласының ең алғашқы фундаменті деп есептеуге болады. Осы жұмыс дұрыс қолға алынса, ары қарай ол баладан ұлағатты, еліне патриот, тәртіпті тәрбиелі азамат қалыптасып шығады деп сенемін,-дейді ол.

Ербол Сағынтайұлы тек домбыраның құлағында ойнап қана қоймай одан бөлек өлең шығарады. Ақындық өнері мектеп қабырғасында қалыптасқан. Полицейлер арасында 2016 жылы «Авторлық өлең» байқауынан жүлделі орын иеленді. Қай жер де, қай салада жұмыс істеп жүрсе де өнерін паш етіп, алға ұмтылып тұрады.

–2012 жылдан бастап құқық қоғау қызметкерлер арасында өтетін «Парасатты полицей» байқауына үздіксіз қатысып, жүлделі орындарды иелендім, «Топ капитаны» номинациясын қанжығаға байладым. Жігітке жеті өнерде аз деген мақал бар. Сол себепті әрсалада үзідк болуға тырысамын,-деп сөзін түйді полицей.

Вверх