Құрметті отандастар!
Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз — табиғаттың оянуын, өмірдің қайта жаңғыруын, адамзаттың рухани жаңаруын бейнелейді.
Бұл жарқын мереке біздің халқымыздың риясыз қарсы алатын мейрамына айналды.
Наурыз күндері ұрпақтар байланысы ерекше көрініс табады, өйткені бұл күні ренішті кешіріп, қонақжайлылық көрсетіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды адамзаттың асыл қасиеттері ғана байқалады.
Наурыз мейрамы — этникалық шығу тегіне және діни сеніміне қарамастан барлық қазақстандықтардың игілігіне айналды.
Өкінішке қарай, биылғы Наурыз мерекесі ерекше жағдайда өтуде. Пандемия болған коронавирустың таралу қаупі жаһандық экономикаға елеулі залал келтірді, өкініштісі біздің елімізді де айналып өтпеді. Бүкіл әлем үлкен сынаққа тап болды. Бүгінгі күні Қостанай облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Осынау қиын күндері барлығымыз бірігіп, бірімізді қолдап, тұтас ел екенімізді көрсете білсек, бұны да жеңіп шығатынымызға сенемін. Алдағы мейрамдарды бірге қарсы алып, амандықта қауышуға жазсын!Наурыз мейрамы құтты болсын!