Академия ұжымы белсенділік танытты

Коллектив академии показал сплочённость

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын он күн тойлау тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырған болатын.

Осыған орай, 16 наурыз «Шежіре күнінде» ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Академияның ұжымы Тобыл өзенінің оң жағалауында орналасқан, ұлы ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне барды. Биыл Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толмақ.

Осының барлығын ескере, Қостанай академиясының басшылығы және жеке құрамы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара бірлесіп, кесене маңын басқан қарлардан тазартты. Жүруге ыңғайлы жол жасап, ата-баба рухына тағзым етті.

 

________________________

 

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев в своей статье  «Независимость превуше всего» поручил разработать концепцию празднования Наурыз мейрамы на десять дней и обогатить содержание весеннего праздника.

В связи с этим , 16 марта, в «Шежіре күн» — «День памяти предков и благословений» , в целях популяризации национальных ценностей, коллектив Академии посетил мавзолей великого просветителя, учителя Ибрая Алтынсарина, который расположенн на правом берегу реки Тобол.

В этом году исполняется 180 лет со дня рождения Ибрая Алтынсарина. Учитывая все это, руководство и личный состав Костанайской академии  очистили от снега окрестности мавзолея . И сделали удобную дорогу для прогулок.

Вверх