Академия қызметкерлері жаяу патрульге шықты

Коронавирусқа байланысты елімізле жарияланған төтенше жағдайға орай Қостанай академиясының қызметкрелері көшені жаяу патрульдеуге шықты.

Төтенше жағдай кезінде Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы қашықтықтан білім беру құралдары арқылы онлайн форматында оқытуға көшкен болатын. Сонымен қатар Академия басшылығы, жеке құрамы және профессорлық – оқытушылық құрамы тек қана курсанттарға қашықтықтан оқыту форматында білім беріп қана қоймай, Қостанай облысы Полиция департаментінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, қоғамдық тәртіпті күзету бағытында жаяу патрульге шығуда.

​Жаяу патрульге шығудың мақсаты – көшелерде, аулаларда және қоғамдық орындарда азаматтардың қозғалысының заңдылығын қадағалау. Олардың үйден шығу себептерін сұрап анықтайды, төтенше жағдайлар кезіндегі режимді қатаң сақтауға шақырады, карантин жағдайы кезінде жасалып жатқан барлық шаралардың халық үшін жасалып жатқандығын түсіндіреді.

Сондай-ақ, күнделікті патрульге шыққан қызметкерлер оларға сеніп тапсырылған аумақтың периметрін қадағалап, барлық жағдайларды көз алдарынан таса қалдырмауы тиіс.

Осылайша Академия басшылығы, жеке құрамы мен профессорлық-оқытушылық құрамы тек қана білім беру саласында ғана өздерінің қызметтерін атқарып қоймай, басқа да қызметкерлермен бірге бір адамдай халыққа көмек көрсетуде. Осы жаман індет кезінде баршамызға тазалықты, сабырлық пен төзімділікті сақтау қажет.
Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті күзету мақсатында тұрғындардың қала сыртындағы саяжайларын патрульдеуге шықты. Төтенше жағдай кезінде қала тұрғындарына саяжайлардағы учаскелеріне баруға рұқсат берілгеннен бастап, қала тұрғындары саяжайларға лық толуда.

Академия қызметкерлері саяжайларға автокөліктермен келіп жатқан тұрғындардың рұқсат қағаздарын тексеріп, оларға төтенше жағдайдың ұзартылғандығын, мұнымен қоса режимді қатаң түрде сақтау қажеттігі жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, саяжай тұрғындарында өздерінің жеке куәліктері мен учаскелерінің тиісті құжаттары болуы қажет.

Қала сыртындағы саяжайларды патрульдеудің мақсаты – ең алдымен ұрлықты, бұзақылықты болдыртпау, сондай-ақ саяжайлардағы учаскелерді тәулік бойы қадағалау, тұрғындардың бетперде тағып, қолғап киюді ұмытпау қажеттілігін тексеру.

Төтенше жағдай басталғаннан бастап Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлері басқа да ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, халықтың тыныштығын күзетіп, қоғамдағы тәртіпсіздіктермен күресіп, қала тұрғындарына барынша көмек көрсетуде.

Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының баспасөз қызметі

Вверх