Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы жақындап келеді. Қалыптасқан игі дәстүр бойынша Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшылығы мен қызметкерлері ардагерлердің үйіне барып, ризашылықтарын білдірді.

Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасов, Академияның ардагерлер кеңесінің төрағасы Бисұлу Мұқажанова, кадр саясаты бөлімі бастығының орынбасары, идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы полиция майоры Теміржан Баймағанов ардагерлерді келе жатқан мерекемен құттықтады!

Ұлы Отан соғысының ардагері Виктор Малыгин қонақтарды өте қуанышты қарсы алды. Әңгіме барысында ол 1943 жылы 18 жасында әскер қатарына алынғаны туралы айтты. Бірінші және екінші Украин, Белорусь майдандарында 150 артполкадан тұратын шайқастардың қатысушысы болды. Соғыс жылдары жауынгер, нысанашы, артиллерия қатарында болған. Кейін темір жол көлігі жүйесінде Қостанай бекетінде тепловоз машинисі болып жұмыс істейді. 2-ші дәрежелі Отан соғысы, 3-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін» медальдарімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдарәмен марапатталған.

Академия қызметкерлері сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагері Александр Ахрамеевке барды. Александр Николаевич 1926 жылы Одесса облысы Новобужск ауданының Любовичивка ауылында дүниеге келген. Әскерге Қостанай облысының Федоров АӘК шақырылды. 1943-1948 жылдар Отан үшін қызмет еткен.

3-ші Белорус майданында Минскіден Балтық теңізіне дейін (шамамен 700 шақырым) шайқаспен өтіп, сол жолда жараланды. 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарімен, сондай-ақ көптеген мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Қонақтарды келесі болып Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Котелевский қабылдады. Ол әскер қатарына Благовещенка АӘК шақырылған. Иван Григорьевич Ұлы Отан соғысын басынан аяғына дейін өтіп, орталық, 3-ші Белорус майдандарында шайқастардың қатысушысы болған. Майданда жүріп төрт рет жараланған. Соғыс жылдарында көпетеген жолдастарынан айырылғанын өкінішпен еске алады. Соғыстан соң зауытта жұмыс істейді. Иван Григорьевич қонақтарға ерекше ынтамен өз марапаттарын көрсетті: 1-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, 3-ші дәрежелі Даңқ ордені, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен кеудесі көмкерілген. 95 жастағы ардагер әлі тың. Академия қызметкерлері отты жылдардың естелігін ерекше әсремен тыңдады.

Бұдан соң академия қызметкерлері Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция майоры Данил Надырбаевты құттықтады. Данил Айтмұқанұлы жасына қарамастан, ардагерлер кеңесінің жұмысына белсене қатысады. Кездесу барысында соғыс жылдары туралы өз естеліктерімен бөлісті. Ол 1927 жылы 28 маусымда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1942 жылы Көкшетау қаласының әскери комиссариатына ерікті түрде жұмысқа шақырылды, ал 1944 жылдың желтоқсанында ІХК әскерлеріне, өрт сөндіру күзеті жүйесіне шақырылды.

Данил Айтмұқанұлы 1945 жылдың наурыз айында болған бір оқиға туралы айтып берді. Оқ-дәрілер тиелген эшелонға ілесіп жүргенде, Польшамен шекараға жетпей жау оқ атқан, нәтижесінде аға кондуктор жарақат алып, вагондардың біреуі жанып кеткен. Данил Айтмұқанұлына жанып жатқан бос вагонды басқалардан ажыратып, одан кейін оқ-дәрілері бар эшелонды межелі пунктке дейін, аман-есен жеткізген. Батылдығы мен ерлігі үшін оған Сталиннің жолдастары қол қойған Алғыс хат табыс етілді.

Соғыстан кейінгі уақытта Данил Айтмұханұлы әрі қарай қызмет етуге шешім қабылдайды, кіші әскери командалық құрамның Алматы мектебін бітіріп шығады. 1965 жылы ішкі істер органдарына қызметке түсіп, 20 жыл бойы қызмет атқарып, 1984 жылы құрметті демалысқа шықты. Қызмет кезінде көптеген марапаттауларға ие болған: «Азаматтық қорғаныс үздігі»,» ІІМ үздік қызметі үшін» он медаль, қырық шақты алғыс, сондай-ақ бағалы сыйлықтар. Бүгінде ардагер бұрынғысынша жауынгерлік формада, саяжайға барып, белсенді тәлімгерлік қызметпен айналысады.

Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергенов академия қызметкерлерін жылы қарсы алды. Ол бүкіл халық үшін күрделі уақыт туралы өз естеліктерімен бөлісті. 96-жастағы ардагер 1943 жылы Жітіқара АӘК әскеріне шақырылып, десанттық әскерлерге түскенін айтты. Қасымхан Алдабергенұлы ВДК құрамында 2-ші және 3-ші Украин майдандарына қатысып, Еуропаны азат еткен. Жеңісті Чехословакияда қарсы алыпты.

Соғыстан кейінгі уақытта отыз жыл бойы өзін мұғалім, содан кейін «Қостанай таңы» газетінің журналисі қызметіне арнайды. 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» медальдарымен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Академияның ең қарт және ең құрметті ардагері Валентина Чувалова біздің қызметкерлердің назарынан тыс қалған жоқ. Академия қызметкерлерімен әңгімелесе отырып, Валентина Давыдовна ішкі істер органдарындағы қызметі, жетістіктері туралы естеліктерімен бөлісті. Денсаулықғы сыр бергеніне қарамастан, рухты жандандырып, шөберені тәрбиелеумен айналысады, бақшада жұмыс істейді және әрдайым әріптестерін қонаққа күтеді.

Орынбасар Уакпаева,
Шырақбек Қабылбаев атындағы
Қостанай академиясының баспасөз қызметі.

Вверх