Кәсіпкерлер палатасы Жангелдин ауданындағы жастар бизнесін қолдауды күшейтуде

Ауылдық жерлерде кәсіпкерлік бастамаларды дамыту — Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде Жангелдин ауданында жас кәсіпкерлер «Атамекеннің» сарапшылық қолдау құралдарын пайдалана отырып, стартаптарды сәтті іске қосуда және алға қойған мақсаттарына сенімді түрде жетуде.

Палата бизнестің барлық кезеңдерінде — идеядан бастап оны кеңейтуге (масштабтауға) дейін сенімді жолбасшы болып табылады. Аудандық филиалдың мамандары ауыл кәсіпкерлеріне құқықтық аспектілерді, қаржылық жоспарлауды және жаңа нарықтарға шығу жолдарын меңгеруге көмектесе отырып, кешенді консультациялық қолдау көрсетеді.

Жангелдин ауданының жастары үшін «Атамекен» толыққанды ресурстық орталыққа айналды.

«Біз өңірдің жас мамандарының бойынан зор әлеуетті көріп отырмыз. Олардың ауылдық жерде өз ісін дамытуға деген дайындығы ерекше назар аударуға лайық. Біздің міндетіміз — әрбір бастама тұрақты бизнеске айналуы үшін оларға барлық қажетті құралдарды ұсыну», — деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасында.

Вверх