Тәуелсіздік-ел тірегі

1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жыл

Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді.

Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлде қайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен даму – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар.

Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстанү шін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап,Тәуелсіздікке зарығып жетті.

Тәуелсіздікке қол жеткен күн – барлығымыз үшін ерекше қасиетті болып саналады. Мен үшін де орны бөлек мереке. Өйткені мен Тәуелсіздіктің құрдасымын.1991 жылы Амантогай ауылында дүниеге келдім. 1998 жылы Амангелді ауданы Б.Қолдасбаев атындағы мектебінде 2000 жылға дейін оқыдым.

Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударуымызға байланысты, оқуымды қалалық 29-шы  мектепте жалғастырдым. 2007 жылы Теміржол колледжіне оқуға түсіп, оны 2010 жылы аяқтадым.  Сол жылы Арыс қаласындағы №74884  бөлімшеде Отан алдындағы әскери борышымды аткардым. 2012 жылы Көлік  полиция департаментінде кіші инспектор болыпж ұмыс істедім. 2018 жылдың қыркүйек айында  отау көтердім жолдасым Лахаева Гулшат  Қадірханқызы,  2020 жылы 10 Қыркүйек күні Амангелді полиция бөлімшесіне ауысып келдім.

Мен қазіргі уақытта Амангелді ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы лауазымын атқарудамын. Тәуелсіздікпен құрдас болғаннан кейін, бейбіт елде, еш алаңсыз өмір сүріп келеміз. Елімізде жастарға деген барлық мүмкіншілік қарастырылған. Жастарға арналып түрлі мемлекетік бағдарламалар жыл сайын іске қосылады. Кәсібін ашуға, білім алуға, мемлекеттік қызметке тұруға,  баспаналы болуға оңтайластырып түрлі жеңілдікер жасалған. Алысқа бармай-ақ ауданымыздың өзінде жастар түрлі кәсібін ашып, ауданның экономикасына зор үлесін қосып өз бизнестерін қалыптастырып үлгірді.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көпұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты, көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан – қазақ халқыныңата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес,ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерде ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

 

 

 

Ақсай Үштогай ауылдық округтерінің 

учаскелік полиция инспекторы.

                                                                                  полиция аға лейтенанты

                                                                                   Еркебұлан Оразханұлы Теміржан

Вверх