Тәртіп сақшылары балаларға абай болу керектігін ескертеді

Демалыс басталысымен, тұрғын үй аймақтарының аулаларында асыр салған балалар саны артты. Сонымен қатар, балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының қаупі артады.

Алдын алу мақсатында Жол-техникалық инспекциясы бөлімшесінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалпы білім беретін мекемелердің орналасқан орындарына, сондай-ақ тұрғын үй секторының аула маңындағы аумақтарына тексеру жүргізді.

Полицейлер хабарлағандай, жыл басынан бері облыс орталығында балалардың қатысуымен 2 ЖКО тіркелген, онда бір бала қаза тауып, екіншісі жарақат алған.

— Алдын алу жұмыстарының мақсаты – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Серуендеу кезінде балаға ерекше көңіл бөлу керек, өйткені тіпті өз үйінің ауласында болғанда да бала жол-көлік оқиғасының ықтимал құрбаны бола алады, — деп ескертеді Қостанай қаласы полиция басқармасының аға инспекторы полиция капитаны Карина Базарбаева.

Бүгінгі күні «Алтын арман», «Жаңа қала», «Әуежай», «Юбилейный» шағын аудандарында «Тұрғын аймақ», «Ең жоғары жылдамдықты шектеу» сынды жол белгілері және жасанды жол кедергілері орнатылды.

– Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар Қостанай қаласының аумағында аулалық ішкі кварталдық аумақтарға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жұмыс аяқталған соң жол белгілерін тексеру және орнату жүргізіледі, — дейді полиция аға лейтенанты Серік Кәдірбаев.

Вверх