Полиция батырларының құрметіне

В память о героях-полицейских

Қостанай ауданының полиция бөлімінде қаза тапқан қызметкерлерге ерлік бұрышы ашылды.

Рәсім полиция ғимаратының алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оған Дархан Базарбаевтың отбасы, полиция департаментінің басшылығы және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді. Жиналғандар қаза тапқан қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Іс-шара барысында Қостанай облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Қайрат Дүйсембеков сөз сөйледі.

— Дарханның арамыздан өткеніне бір жыл толды, біз оны әрдайым есте сақтаймыз, оның есімін құрметтейміз. Оның ерлік ісі — батылдық пен қайсарлықтың үлгісі, — деді полиция полковнигі.

Аудандық полиция бөлімінің үшінші қабатында Дархан Базарбаев пен 2011 жылы қоғам тыншытығы үшін өз өмірін құрбан еткен Ғазиз Байтасовқа арналған Ерлік бұрышы қойылған.

Қостанай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Жайлаубеков екі батырмен бірге жұмыс істеген.

— Өткен жылы Дархан Базарбаевпен бірге жұмыс істедік, мен оны жақсы білетінмін. Шынында да, ол өзінің мінезімен басқалардан ерекшеленді, әрқашан қызметтік міндеттерге жауапкершілікпен қарады. Ол мұндай батырлық әрекетке дайын екенін көрсетті. Ал Ғазиз Байтасовпен Жамбыл облысы Меркі аудандық полиция бөлімінде жұмыс істеген кезде білетінмін, — дейді Мұхтар Жайлаубеков.

Дарханның ата-анасы ұлының есімін есте сақтағаны үшін полицйелерге алғыс айтты.

— Менің ұлым өз борышын өтеді. Ол әрқашан біздің жүрегімізде қалады. Әріптестеріне, полиция департаментінің басшылығына көрсеткен көмектері үшін үлкен рахмет, — деді Д.Базарбаевтың анасы Зәмзәгүл Қалиева.

_____________________________________

В отделе полиции Костанайского района состоялось открытие Уголка мужества погибшим сотрудникам.

Церемония началась с возложения цветов у обелиска перед зданием полиции. В ней приняли участие семья Дархана Базарбаева, руководство Департамента полиции и ветераны органов внутренних дел. Мероприятие проводилось с соблюдением санитарных норм. В знак глубокого уважения почтили память погибших сотрудников минутой молчания.

К присутствующим обратился исполняющий обязанности начальника ДП Костанайской области Кайрат Дюсембеков.

– Уже прошел год с того дня, как Дархана не стало, мы всегда будем его помнить, чтить его память. Его героический поступок – пример мужества и самоотверженности, — сказал полковник полиции.

На третьем этаже районного отдела полиции представлен уголок мужества, посвященный Дархану Базарбаеву и Газизу Байтасову, который в 2011 году ценой собственной жизнью обезвредил террориста-смертника.

Так сложилось, что начальник отдела полиции Костанайского района полковник полиции Мухтар Жайлаубеков работал вместе с двумя героями.

— В прошлом году Дархан Базарбаев работал под моим руководством, я его хорошо знал. Действительно он отличался от других своим характером, всегда ответственно относился к службеным обязанностям. По нему видно было, что он готов к такому героическому поступку. А Газиза Байтасов знал с Жамбылской области, когда я работал в Меркенском районном отделе полиции, — говорит Мухтар Жайлаубеков.

Родители Базарбаева поблагодарили сотрудников полиции за память о сыне.

— Мой сын отдал свой долг, пожертвовал собой ради спасения других. Он всегда останется в наших сердцах. Огромное спасибо его коллегам, руководству Департамента полиции за оказанные нам помощь и внимание, — добавила мама Д.Базарбаева Замзагуль Калиева.

Вверх