Қостанайда полицейлер заңсыз тасымалдаушыларды анықтау жұмыстарын жүргізуде

Арнайы рейдтер автобустар мен басқа да маршруттық көлік құралдары тоқтаған жерлерде жүргізіледі

Тек бір жұмыс күні ішінде тәртіп сақшылары аялдама және тұрақ ережелерін бұзғаны үшін жүргізушілерге 7 әкімшілік хаттама толтырды.

Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Негмет Исмағұлов заңсыз тасымалдаушылардың проблемасы үнемі көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Оларды шешу үшін бірлескен жоспар аясында тәртіп бұзушыларды анықтауға бағытталған тұрақты рейдтер жүргізіледі. Бұл құжатқа Қостанай облысының ПД, Қостанай облысының тасымалдаушылар қауымдастығы, сондай-ақ жолаушылар көлігі басқармасы қол қойды.

— Жыл басынан бері маршруттық көлік құралдарының аялдама алаңдарында тоқтау ережелерін бұзғаны үшін 45 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Виталий Цой.

Кәсіпкерлік қызметті жергілікті атқарушы органдарға хабарламай жүзеге асырғаны үшін жыл басынан бері 12 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтер облыс орталығының неғұрлым белсенді жолаушылар ағыны байқалатын жерлерінде жүргізіледі. Бұл Тобыл және Рудный қалаларына, сондай-ақ орталық базарға бағытталған бағыт. Заңсыз тасымалдаушылар жиналатын жерлерде патрульдеу күшейтілді.

Сонымен қатар, полиция мұндай фактілер туралы 102 телефонына немесе «102» мобильді қосымшасына хабарлауды сұрайды, онда ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін барлық фактілер бойынша хабарласуға болады. Арна тәулік бойы жұмыс істейді. Мобильді интернет бар облыстың кез келген нүктесінде әрекет етеді. Пайдаланушы қосымшада тіркелген ақпаратты мәтіндік хабарлама түрінде, медиа файлдарды қоса отырып, аудио қоңырау немесе бейне қоңырау арқылы жібере алады.

 

 

В Костанае полицейские проводят работу по выявлению нелегальных перевозчиков. Специальные рейды проводятся в местах остановок автобусов и других маршрутных транспортных средств.

Только за один день работы стражи порядка составили 7 административных протоколов на водителей за нарушение правил остановки и стоянки.

Первый заместитель начальника ДП Костанайской области, полковник полиции Негмет Исмагулов отмечает, что проблема нелегальных перевозчиков поднимается постоянно. Для их решения в рамках совместного плана проводят регулярные рейды, которые направлены на выявление нарушителей. Этот документ подписан ДП Костанайской области, Ассоциацией перевозчиков Костанайской области, а также управление пассажирского транспорта.

— С начала года за нарушение правил остановки на остановочных площадках маршрутных транспортных средств к административной ответственности привлечено 45 водителей, — сообщил заместитель начальника местной полицейской службы ДП Костанайской области, подполковник полиции Виталий Цой.
За осуществление предпринимательской деятельности без уведомления местных исполнительных органов с начала года к административной ответственности привлечено 12 водителей.

Рейды проводятся в тех местах областного центра, где наблюдается наиболее активный пассажиропоток. Это направление в строну городов Тобыл и Рудного, а также Зеленый базар. В местах скопления нелегальных перевозчиков усилено патрулирование.

В тоже время о таких фактах полиция просит сообщать на телефон 102, либо мобильное приложение «102», куда можно обратиться по всем фактам, входящих в компетенцию органов внутренних дел. Работает канал круглосуточно. Действует в любой точке области, где есть мобильный интернет. Отправить информацию зарегистрированный в приложении пользователь может в виде текстового сообщения, с прикреплением медиа-файлов, через аудиосвязь или посредством видеозвонка.

Вверх