Көп жағдайда жазасын өтеп шыққандар түрмеден соң жұмысқа орналасуға ұмтылмайды, сонымен қатар кәсіпорын басшылары да осы санаттағы адамдарды жұмысқа қабылдаудан бас тартады.
Босаған кезде көпшілік өздерінің кәсіби дағдыларын жоғалтады, өздерінің әлеуметтік байланыстарынан, әлеуметтік мәртебесінен қол үзіп қалады, салдарынан өмірге бейімделуі қиынға соғады. Халықтың арасына сіңісе алмаған соң тұрғылықты жері жоқ адамдардың қатарын толықтырады, сайып келгенде қайталап қылмыс жасайды және тағы да сотталушылар орынына шығады.
Ұзынкөл ауданының пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Т. Байбулов сотталғандарды есепке қою кезінде сауатты тәсілдің, моральдық-ерік қасиеттерін, сондай-ақ дағдысын анықтаудың арқасында, олрады қайта әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу бойынша барынша күш-жігер жұмсап, осы бағытта оң нәтижелерге қол жеткізді.
Ұзынкөл ауданының ОӘП есебінде тұрған А және К сотталғандарға жеке бағдарлама шеңберінде есепке қойылғаннан кейін әлеуметтік-құқықтық көмек уақытылы көрсетілді. Сотталғандарға тұрғылықты жері бойынша тіркеуге және медициналық тексеруге көмек көрсетілді, сондай-ақ «Олжа Агро» ЖШС-не бөлінген жұмыс орындарының квотасы бойынша, «әр түрлі жұмысшы» лауазымына жұмысқа орналастырылды.
Қазіргі уақытта сотталғандар отбасын құруды жоспарлап отыр, бұл сотталғандардың түзелу жолына нық тұрғанын, демек Ұзынкөл ауданының пробация қызметі инспекторының сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және оларды қоғамға бейімдеу бойынша жұмысы бекер болмағанын көрсетеді.