Мемлекеттік қызмет ардагері Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесті

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметшілер ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшылығымен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласының ардагерімен кездсті.

Жиын барысында алдымен әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Тоқтарбай Қадамбаев сөз алды. Ол мемлекеттік қызмет саласының Қостанай облысындағы тарихын атап өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Асхат Искендиров мемлекеттік қызмет саласындағы түзетулерге тоқталды. Атап айтсақ, мемлекеттік қызметшілердің сынақ мерзімінен өту ережелері мен шарттары және тәлімгерлерді бекіту тәртібін түсіндірді.


Шара соңында Қостанай ПД департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов өздерін жақсы қырынан көрсеткен мемлекеттік қызметшілерді марапаттады. Атап айтсақ, Қостанай облыстық ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Сайраш Мұсаева, Қостанай облыстық ПД заң бөлімінің бас маманы Григорий Копаничук, Қостанай облыстық ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бас маманы Сәуле Мұқашева Қостанай облыстық полиция департаментінің грамотасымен марапатталды.

Ал Қостанай облыстық ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Гүлсім Нұғыманова Қостанай облыстық полиция департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды.

Вверх