Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі: облыс прокурорымен тікелей диалог

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында облыс прокуроры Марат Сексембаевтың қатысуымен Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында бизнесті қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің түйіткілді мәселелері талқыланды. Талқылауға Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және құрылысшылар қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ өңірдегі салалық кеңес төрағалары қатысты.

Бизнес-қоғамдастық алдында сөз сөйлеген облыс прокуроры Марат Сексембаев бизнесті қорғау — стратегиялық басымдық екенін атап өтті.
Өткен жылы облыс прокуратурасы 2 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқығын қорғады.
Бүгінгі таңда прокуратураның сүйемелдеуіндегі инвестициялық жобалардың саны 128-ден 135-ке дейін өсті.
Кездесу барысында АӨК, құрылыс секторы және сауда саласының өкілдері прокурорға салық салу, жер қатынастары және әкімшілік кедергілерді жою бойынша салалық сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлетпаев мұндай форматтың тиімділігі жоғары екенін жеткізді: Палата алаңындағы бизнеспен диалог — бұл кері байланыстың маңызды құралы.
Жиынды қорытындылай келе, Марат Сексембаев мұндай кездесулердің тұрақты түрде өткізілетінін айтты. Прокуратура бизнес-қоғамдастықтан түскен әрбір өтінішті егжей-тегжейлі зерттеуге ниетті.

Вверх