Ережелердегі өзгерістер жүк тасымалдау саласындағы көптеген мәселелерді шешеді

Енді жүк тасымалдайтын компаниялар өз қызметі туралы мәліметтерді растайтын болады.

 Бүгін Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің көлік мәселелері жөніндегі комитетінің отырысында автомобиль тасымалдаушыларын халықаралық көлік тасымалдаушыларын жүзеге асыруға жіберу қағидаларына және Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидаларына енгізілген өзгерістер талқыланды.

Кеңеске қатысушылардың пікірінше, ережелердегі өзгерістер адал тасымалдаушыларға осы нарықта қалуға мүмкіндік береді. Осылайша, осы процесстердің ашықтықты қамтамасыз ету тетіктері құрылады.

— Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында осы саладағы проблемалар бірнеше мәрте көтерілді. Сондай-ақ, бір күндік сапарға рұқсат беру әдістемесінің жетілмеген тұстары бар. Себебі,жеке автопаркі мен штаттық жүргізушілері жоқ фирмалар тарапынан жосықсыз бәесекелістік туындайды. Кәсіпкерлер рұқсат бланкілерін қайта сату жағдайлары туралы да айтты.

Көлік компаниясының басшысы, қоғам қайраткері Алдан Минкеев ережелердегі өзгерістер бұрын белгіленген мәселелердің көпшілігін шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Енді тасымалдауды жүзеге асыратын компания Көлік комитетіне көрсетілген қызметтердің шынайылығын растайтын белгілі бір құжаттар пакетін ұсына отырып, өз қызметін құжатпен растауы тиіс. Бұл механизм осы саладағы жосықсыз мінез-құлық мүмкіндігін айтарлықтай азайтады.

Кеңесте ережедегі өзгерістерді зерделеп, қолданыстағы тетікті мемлекеттік сатып алу саласында бір жылдан бері тиімді жұмыс істеп келе жатқан келісім комиссиясы институтымен толықтыруды ұсынды.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев атап өткендей, кәсіпкерлердің заңнамадағы өзгерістер туралы хабардар болуын қамтамасыз ету басым міндеттердің бірі болып табылады.

Вверх