Еңбек еленген сәт

Бүгін Аманкелді ауданында кәсіпкер әйелдердің еңбегі тағы бір мәрте жоғары бағаланды.Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен»Іскер әйелдер кеңесінің мадақтамасымен бір топ кәсіпкер әйелдер қауымы марапатталды.

 

Марапат иесіне қоғамдық қызметтегі белсенділігі, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесі және өңірдің іскерлік ортасын нығайту жолындағы еңбегі үшін алғыс білдірілді.
Салтанатты түрде табысталған мадақтама – тек бір адамның жетістігі ғана емес, жалпы әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына берілген жоғары баға деуге болады.
Наурыз мерекесі қарсаңында берілген бұл марапат – жаңа бастамалар мен игі істерге серпін беретіні анық.

Вверх