Ардагермен кездесу

Амангелді аудандық полиция бөлімінде ардагері полиция подполковнигі Әбдіғали Нағашыбаймен жас полиция қызметкерлерінің кездесуі өтті.

Ардагер подполковник ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі кәсіби және адамдық қасиеттерінің өзгермейтіндігін атап өтті. Олар – адалдық, тектілік және еңбекқорлық.

Кездесу соңында ардагерлер мен тәлімгерлер жас полиция қызметкерлеріне әрдайым қызметіне адал болуға, азаматтарға қорған болуға шақырды.

Вверх