Арқалық полицейлер көмекке келді

2021 жылғы 18 ақпан күні Арқалық –Жезқазған тас жолын ауа райының қолайсыздығына байланысты жауып тұрған Арқалық қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Еркин Какеновпен полиция капитаны Сырым Тунтерге азамат Т.Курчецкий келіп Майкутов ауылынан келе жатқан УАЗ авто көлігінің жолдан шығып, қарға батып қалғандығы және ішінде мүгедек 2 жастағы баланы қатты ауырған соң Арқалық қаласының […]

2021 жылғы 18 ақпан күні Арқалық –Жезқазған тас жолын ауа райының қолайсыздығына байланысты жауып тұрған Арқалық қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Еркин Какеновпен полиция капитаны Сырым Тунтерге азамат Т.Курчецкий келіп Майкутов ауылынан келе жатқан УАЗ авто көлігінің жолдан шығып, қарға батып қалғандығы және ішінде мүгедек 2 жастағы баланы қатты ауырған соң Арқалық қаласының ауруханасына алып келе жатқан жөнінде айтып көмек сұраған. Қызметкерлер іле азаматтың қарға батқан автокөлігін қарын тазалап, жолға көлікпен тартып шығарды. Дер кезінде көмек қолын созған Арқалық қаласы Полиция басқармасының қызметкерлеріне азамат Т.Курчецкий алғыс хат жазып, жұмыстарына табыс тіледі.

 

Вверх