Амангелді ауданында кәсібін жаңа бастағалы жүрген кәсіпкерлер гранттық бағдарлама арқылы қолдау алды 

Амангелді ауданында жаңа кәсіпкерлерге грант беру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Грант көлемі 400 АЕК — 1 572 800 теңгені құрады. Бағдарлама шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Комиссия жұмысына Қоғамдық кеңес, бизнес және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Қаралған жобалар ауылдық елді мекендерде сұранысқа ие қызметтерге қатысты болды.

Нәтижесінде басымдық сұлулық салондарына, шаштараздарға, шағын тігін және тас цехтарына берілді. Бұл жобаларды жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға және ауданның дамуына серпін беруге мүмкіндік жасайды.

Вверх