Қайрат ДҮЙСЕМБЕКОВ: «Тергеуші – нағыз патриот маман»

6 сәуір - ҚР тергеу органдарының қызметкерлері күні. Осыған орай, аталмыш салада аттай қырық жыл еңбек етіп келе жатқан Қостанай облыстық Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Қайрат Дүйсембековпен сұхбаттастық.

–Қайрат Сыздықұлы, полиция қатарында қырық жылға жуық еңбек етіп келесіз. Бұл – үлкен жетістік. Кез келген адам мұндай көрсеткішке қол жеткізе алмайды.

— Қарағанды жоғары милиция мектебін бітірген соң мен жиырма жасымда осы қызметке келдім. Бұл 1980 жыл болатын, Мәскеуде Олимпиада өтіп жатқан кез. 200 курсантты жинап алды. Оның ішінде тек 35 курсант қана қазақстандық болды. Қалғандары Қырғызстанна, Балтық жағалауынан, Кавказ, Грузиядан, тіпті Мәскеуден келген жігіттер болды. Біз әлі күнге дейін араласып тұрамыз, достығымыз ажыраған жоқ. Өзіміздің жеке чатымыз да бар.

Мен ешқашан тергеуші боламын деп ойламадым. Жедел қызмет жайында армандаушы едім. Сол қызметте еңбек жолымды бастадым. Мен тек социалистік меншікті талан-таражға салумен күрес бөлімінде ғана емес, сонымен қатар нашақорлықпен күрес бөлімінде де жұмыс істедім. Қызметте әр түрлі жағдай болды ғой. Мысалы, мен ешқашан зиянды «шөптерді» көрмегенмін, оның ішінде ауғандық немесе үнді коноплясын қайдан білейін?. Оны сотталғандарға жіберіп, бұл не екенін сұраймын. Шөп дейді. Жарайды, алып кетіндер. Кейін барлығын үйреніп, тәжірибелі қызметкер болдым.

Үш жыл міндетті жұмыс істеуден кейін Жезқазған облысы Никольский, қазіргі Сәтпаев қаласына оралдым. Ал ондағы ІІБ тек тергеуші лауазымы ғана бос болды. Бір ай жұмыс істегеннен кейін бастықтың орынбасарына барып: «бұл жұмысты білмеймін, қылмыстық іздестіруге көшіріңіз» дедім. Ол менің арызымды жыртып тастады. «Жоқ, қаласың. Сенің қолыңнан» келеді деп шығарып салды. Не керек, жұмыс істедік. Қызығы, екі жылдан соң облыстың ең үздік тергеушісі атандым.

Кейін Теміртау қаласының ІІБ тергеу жөніндегі бастығының орынбасары, содан Қарағанды Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы болып тағайындалдым. Әр жылдары әртүрлі аудан-қалаларға жіберетін.

Мен барған жерімде көбіне оқуға көңіл бөлемін. Жанымда үнемі «Ішкі істер органдарындағы басқару негіздері» атты кеңестік дәуірдің кітабы жүреді. Оны кезінде 500 данамен ғана шығарған. Соның біреуі менде. Адамдар өз жұмыстарын жоғары деңгейде білгенін қалаймын.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Сақшы – Қостанай» газетінен оқи аласыздар.

Вверх