Қабиболда Жандос : «Сақтық шараларын барынша сақтау міндетіміз»

Қабиболда Жандос : "Наша задача максимально соблюдать меры предосторожности"

Амангелді ауданы полиция бөлімінен қызметкер вакцина алуда.

Себебі наурыз айының ортасынан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы аудандық ауруханада екпе салу науқаны жүргізіліп жатыр. Мен Костанай облысы, полиция департаменті, арнайы және жұмылдыру даярлық басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Қабиболда Жандос Жұмағалиұлымын. 2021 жылдың 10 сәуір күні сағат 15: 00 де вакцинаның бірінші компонентін алдым.

Аудандық емханада кезекте адам көп екен. Таң қалдым. Екпе салдыруға келгендердің басым көпшілігі жастар. Қатер тобында болғандықтан, олардың ниеті түсінікті де. Бірақ, «бас салып, еге береміз» деп отырған дәрігерлер жоқ. Денсаулығы жайлы егжей-тегжейлі сұрастыруда.

Барған бетте менен де сұрады. Қан қысымы, сатурация өлшенді. Сауалнама толтырдым. Екпе алғаннан кейін болуы ықтимал белгілер туралы да айтылды. Ақыры вакцинаға рұқсат етті. Екпе кабинетіне барып вакцина салдырдым. Одан кейін 30 минут күту залында отырдым. Бұл уақытта ешқандай ауырсыну сезбедім.

Менің әріптестерімде екпе салдырып жатты. Барлығы ерікті түрде, мәжбүрлеу деген болған жоқ. Салынатын вакцинаның екінші компонентін мамыр егу уақыты келеді. Екінші компонентті алу ол міндетті,себебі коронавирусқа қарсы иммунитет толық қалыптаспайды екен.

Дегенмен, вакцинаға әр адамның ағзасы әртүрлі жауап береді, оның әсері, реакциялары болады екен. Бірақ өз басым екпе салдырғанда әсерін сезген жоқпын. Жағдайым жақсы әрі қалыпты.

Вируспен бетпе-бет келіп, ел жаппай ауырғаны баршамызға белгілі. Бүгінгі таңда кейбір облыстар «қызыл» аймақта. Өмірімізге қаншалықты қауіпті екенін бүгінгі күні әрбір жан жақсы біледі.

Аудан жұртшылығының денсаулығына алаңдаушылық танытқан мамандар карантин талаптарын қатаң ұстануға шақырады. Карантин талаптарын орындамай, әкімшілік заң бұзушылыққа тартылған тұрғындар да бар. Сондай-ақ, қоғамдық жерлерде және сауда орындарында карантин талаптарының сақталуын қадағалап отыру мақсатында құрылған аудандық мобильді топтар жұмыс істейді. Сақтық шараларын барынша сақтау міндетіміз.

__________________________________________________________

Сотрудник отдела полиции Амангельдинского района  получил вакцину. С середины марта в районной больнице проводится кампания по вакцинации против коронавирусной инфекции.

«Я один из первых получил компонент вакцины. В районной поликлинике в очереди много людей.  Большинство прибывших на вакцинацию молодые люди. И я понимаю их намерения, потому что все мы находимся в группе риска. Врачи очень внимательно относятся к каждому,  подробно расспрашивают о здоровье, проверяют артериальное давление и сатурацию.  После заполнения анкеты, где говорится  о возможных симптомах  разрешили получение вакцины. Я считаю, что это долг каждого гражданина!» -, сказал инспектор Управления специальной и мобилизационной подготовки Департамента полиции Костанайской области, старший лейтенант полиции Кабиболда Жандос Жумагалиевич.

 

 

 

 

 

 

Вверх