Жеңіс жолынан жаңылмады

Завершился двухдневный хоккейный турнир

 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 50 жылдығына арналып, екі күнге жалғасқан хоккей турнирі өз мәресіне жетіп, үздіктер анықталды. Ойынға 4 команда бәсекеге түсті. Ойынның алғашқы күні Қостанай академиясының құрамы «Максимум» командасымен кездесіп 9:2 есебімен жеңіске жетсе, 5:3 есебімен Рудныйлық «Ирбис» командасы Қостанайлық «DAIVA» командасынан озды.

Финалдық бәсекеде ІІІ орынға «Максимум» командасы жайғасса, осы турнирдің үздігі деп танылған Қостанай академиясының құрамасы 6:4 есебімен қарсылас команда DAIVA-ны ойсырата жеңді.

Жеңіс жолында Академия құрамасында аянбай өнер көрсеткен әріптесіміз жедел-іздестіру қызметі кафедрасының доценті полиция полковнигі Донанов Рустам алғашқы ойында 2 гол соқса, финалдық бәсекеде 1 жеңіс шайбасын командасына сыйлады.

Достық бәсекеде сынға түскен командалар көрермендерге кәсіби ойын көрсетті. Турнир соңында Қостанай академиясының бастығы Н.Биекенов командаларды марапаттап, жылы лебізін білдірді. Өз кезегінде «Академия» құрамасы Нұрлан Аманкелдіұлына арнайы хоккей жейдесін табыстады.

Сондай-ақ ойын барысында көзге түскен ойыншылар марапатталды. «Үздік шабуылшы» номинациясын Севастьянов Сергей («Академия» құрамасы), «Үздік бомбардир» номинациясын Красноперов Валера («Академия» құрамасы), «Үздік қақпашы» номинациясын Савчинка Максим («Академия» құрамасы), «Үздік қорғаушы» номинациясын Едигенов Руслан («Максимум» құрамасы) және де «Ең құнды ойыншы» номинациясын Курешевич Евгений («DAIVA» құрамасы) иеленді.

Турнир соңында команда капитандары ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

____________________________________________

 

Завершился двухдневный хоккейный турнир, который был посвящен 30-летию Независимости Казахстана и 50-летию Костанайской академии им.Ш. Кабылбаева.
В первый день матча состав Костанайской академии встретился с командой «Максимум» и одержал победу со счетом 9:2, а со счетом 5:3 Рудненский «Ирбис» опередил Костанайскую «DAIVA».

В финальном поединке на III месте расположилась команда «Максимум», а сборная Костанайской академии, признанная лучшей в этом турнире, со счетом 6:4 обыграла команду-соперника «DAIVA».

На пути к победе доцент кафедры оперативно-розыскной деятельности полковник полиции Донанов Рустам в первом матче забил 2 гола, а в финальном-1 победную шайбу.

Команды, выступавшие в дружеской борьбе, показали зрителям профессиональную игру. В завершении турнира начальник Костанайской академии Н. Биекенов наградил команды и поблагодарил их за теплый прием. В свою очередь, сборная «Академии» вручила Нурлану Аманкельдиновичу специальную хоккейную футболку.

Также были награждены отличившиеся в игре игроки. В номинации «Лучший нападающий» победил Севастьянов Сергей (сборная» Академия«), в номинации «Лучший бомбардир» — Красноперов Валера (сборная» Академия«), в номинации «Лучший вратарь» — Савчинка Максим (сборная» Академия«), в номинации «Лучший защитник» — Едигенов Руслан (сборная» Максимум«) и в номинации «Самый ценный игрок» — Курешевич Евгений (сборная» DAIVA»).

По окончании турнира капитаны команд поблагодарили организаторов и выразили благодарность.

Вверх