Тыңдаушылырдың демалыс күні

ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының алғашқы кәсіптік даярлық 2-оқу тобының тыңдаушылары білім алумен қатар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, 20 ақпан күні облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады.

Тыңдаушылармен тәрбиелік бағытта жұмыс істеу мақсатында тарихы мен мәдениеті мол 1915 жылы құрылған Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып қайттық. Экскурсиямыздың барысында мұражайдағы құнды экспозициялармен, облыстың киелі орындары туралы мағлұматтармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға тарихи мәліметтерге толы жауап алды.

Біз барған тарихи-өлкетану мұражайының қор жиынтығында 130 мыңнан астам жәдігерлер орналасқан. Оның археологиялық жиынтығында тас ғасыры, қола дәуірі және ерте темір ғасырының бірегей табылымдары ұсынылған. Мұражай этнографиялық жиынтықтың қалыптасуына айрықша көңіл бөледі, оның құрамында Қазақстандағы таңдаулы зергерлік әшекейлер мен ұлттық киімдердің тамаша үлгілері жинақталған.

Мұражайды аралау барысында тыңдаушылар бұл экскурсия көңілдерінен шыққанын және демалыс уақыттарын тарихи-мәдени ошақпен танысуға арнағандықтарына өте қуанышты екендіктерін жеткізді.

 

 

 

2-оқу тобының кураторы

полиция капитаны А.Мұрат

Вверх