Ардагер подполковник ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі кәсіби және адамдық қасиеттерінің өзгермейтіндігін атап өтті. Олар – адалдық, тектілік және еңбекқорлық.
Кездесу соңында ардагерлер мен тәлімгерлер жас полиция қызметкерлеріне әрдайым қызметіне адал болуға, азаматтарға қорған болуға шақырды.