Полиция қызметкерлеріне «офицерлік» атақ берілді

Денисов ауданы полиция бөлімінде қызметкерлерге офицерлік шендер табысталды.

Полиция бөлімінің бастығы Мереке Жақсылықұлы тәртіп сақшыларына «майор» және «капитан» офицерлік погондарын тапсырды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі де азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі қиын кезеңде тәртіп сақшылардың жұмысы екі есе көбейді, жауапкершілік те артқан. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер қоғамдық тәртіпті және карантиндік шараларды сақтауды қамтамасыз ету үшін өз жұмыстарын атқаруда.

Осы жағдайларға қарамастан, аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция қызметкерлерін кезекті арнаулы атақтарды беріп, оларды құттықтады және кәсіптеріне сәттілік тіледі.

Барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып Мереке Жақсылықұлы үш полицейге «капитан» погонын және аға басшы құрамның «майор» погондарын тапсырды.

— «Әрбір қызметкер үшін кезекті арнайы атақ алу өте маңызды және әсерлі сәт, Мен маған сеніп тапсырылған бөлімшенің қызметкерлері офицерлік атаққа ие болғанына қуаныштымын», — деп атап өтті Денисов ауданы полиция бөлімінің бастығы Мереке Жақсылықұлы.

Вверх