Мейрам Аюбаев академия жұмысымен танысты

Ағымдағы жылдың 21 мамырында Қостанай облысына жұмыс сапарымен Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев Шырақбек Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына келді.

Мейрам Ақатұлы Академия базасында құрылған Қылмыстық атқару жүйесінің оқу полигонына, пробация қызметінің мамандарын даярлау орталықтарына және ҚАЖ қызметкерлерін экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жасау орталығына барды. Онда генерал КВИ таралуына жол бермеу үшін қызметкерлердің карантиндік шараларды сақтау қажеттілігіне назар аударды.

Төрағаның орынбасары Академияға қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы саласындағы шығармашылық, ғылыми-зерттеу қызметіне жоғары баға берді.

Кездесуде генерал қазіргі уақытта Академияның ғылыми және білім беру әлеуеті пробация қызметінің жұмыс сапасын арттыруға, сотталғандарды дерадикалауға және жазаны орындауды психологиялық сүйемелдеуге өте қажет екенін атап өтті.

Вверх