Болашаққа инвестиция: Кәсіпкерлер палатасы стартаптардың мерейтойлық байқауына қолдау білдірді

Қостанай облысында дәстүрлі «Кәсіпкерлік пен стартаптар — экономиканы дамытудың қозғаушы күші» атты облыстық бизнес-жобалар байқауы өтті. Биылғы шараның орны бөлек, өйткені ол байқауды ұйымдастырушы — Қостанай жоғары қазтұтынуодағы колледжінің 70 жылдық мерейтойын тойлау аясында ұйымдастырылды. Байқаудың тұрақты базасы ретінде колледж жанындағы сәтті жұмыс істеп тұрған ішкі бизнес-инкубатор қызмет етеді. Мұнда студенттер үздік құзыреттіліктерді шыңдап, сарапшылық қолдауға ие болады.

 

Ұйымдастырушылар басты назарды идеялардың практикалық тұрғыда қолданылуына аударды, сондықтан қазылар алқасының құрамына өңірдің бизнес-күн тәртібін қалыптастырып отырған сарапшылар кірді:

Надежда Костенюк — Қостанай облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы;

Гүлнар Әбдібекова — Білім басқармасының бас маманы;

Галина Рубаник — «Хоум Кредит банк» АҚ өкілі.

Сарапшылар жобалардың өңір үшін өзектілігін, олардың экономикалық тиімділігін және коммерцияландырудың нақты мүмкіндіктерін бағалады.

Финалға Лисаков техникалық, Жітіқара политехникалық және Қостанай жоғары автомобиль көлігі колледжінің ең мықты командалары шықты.

Байқау қорытындысы:

🥇 1-орын: А. Ибралинова, К. Пронкевич, Н. Жүсіпова (Қостанай жоғары қазтұтынуодағы колледжі) — «Эко вкус» жобасы.

🥈 2-орын: Т. Хасенов (Қостанай жоғары қазтұтынуодағы колледжі) — «Археологический музей виртуальной реальности» жобасы.

🥉 3-орын: А. Андриянова (Лисаков техникалық колледжі) — «Огонёк» жобасы.

Барлық байқауға қатысушыларға сертификаттар, ал тәлімгерлерге алғыс хаттар табыс етілді.

Өткен стартаптар байқауы қостанайлық жастардың жұмыс істейтін бизнес-модельдерді құруға қауқарлы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы мен әлеуметтік серіктестер студенттік стартаптарға бұдан былай да қолдау көрсетуге және олардың аймақтық нақты бизнеске айналуына көмектесуге дайын екендіктерін растады.

Вверх