Амангелді ауданында маңызды жобаларды қолдау мәселелері талқыланды

Амангелді ауданында инвесторлардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың қадағалануы бойынша жұмыс кездесуі өтті. Талқылауға аудан басшылығы, аудан прокуроры, Кәсіпкерлер палатасы филиалының өкілдері, сондай-ақ өңірдің негізгі инвесторлары қатысты.

 

Кездесудің басты мақсаты — заңдылықтың жай-күйіне мониторинг жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асыру жолындағы ықтимал әкімшілік кедергілерді жою болды.

Жиын барысында аудан прокуроры Ерлан Қойбағаров кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау нәтижелерін жария етті. Қазіргі уақытта ауданда инвесторлардың құқықтарын бұзу фактілері тіркелмегені атап өтілді. Бұл билік пен инвесторлар арасындағы тиімді диалогтың қалыптасқанын көрсетеді.

Кездесуге қатысушылар аудан аумағында іске асырылып жатқан нақты жобаларға ерекше көңіл бөлді. Жиынға қатысушылар болашақ туристік хабтың құрылыс алаңына барып, жұмыс барысымен және салынған инвестициялар көлемімен танысты.

Прокуратура мен Кәсіпкерлер палатасының филиалы алдағы уақытта да бизнестің кез келген сигналына жедел әрекет етуге, әрбір инвестицияланған теңгенің сенімді құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге дайын екендіктерін растады.

Вверх