2026 жылғы 15-26 қаңтар аралығында «Food and Agricultural Industries» («Азық-түлік өнімдерін өндіру және қайта өңдеу / ауыл шаруашылығы») бағыты бойынша ағылшын тілді топқа өтінімдер қабылдау жүзеге асырылады.
Қатысу үшін ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің әртүрлі салаларында жұмыс істейтін, ағылшын тілін B1 (Intermediate) деңгейінен төмен емес білетін бизнес өкілдері қарастырылады.
Қатысушыларға арналған критерийлер:
1. ШОК субъектілерінің жоғары буын басшылары;
2. жылдық орташа табысының кемінде 10 000 АЕК болуы (құжатпен расталады).
Толық ақпарат алу үшін Қостанай қаласы Әл-Фараби даңғылы, 114 мекенжайы бойынша немесе 394208 (ішкі 3914), 87750008927 нөмірлері бойынша хабарласу қажет.



