Амангелді ауданында түсіндіру жұмыстары: санитарлық нормалар мен аурулардың алдын алуға баса назар аудару

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Амангелді ауданындағы филиалы жергілікті кәсіпкерлерді ақпараттандыру және құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда. 2025 жылғы 17 қарашада бизнес үшін маңызды түсіндіру іс-шарасы өтті.

 

Кездесудің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы, бірінші кезекте қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты заңнамасының талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіру болды. Кәсіпкерлер палатасының мамандары бизнесті жүргізу ережелерін айқындайтын бірқатар маңызды нормативтік құжаттарды атап өтті.

Мұндай түсіндіру іс-шараларын өткізу Кәсіпкерлер Палатасы филиалының қызметіндегі басымдық болып табылады. Басты мақсат-заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлердің жауапкершілігі мен хабардарлығын арттыру арқылы тұтынушылардың денсаулығын қорғау.

Кәсіпкерлер палатасының өкілдері санитарлық және басқа да міндетті талаптарды сақтауға байланысты барлық мәселелер бойынша жергілікті бизнеске консультациялық қолдау көрсететінін атап өтті.

Вверх