Іс-шараға Палатаның аудандық филиалының директоры Айдар Жамансарин қатысып, өзекті сұрақтарға жауап беріп, тұрғындар мен кәсіпкерлер айтқан жағдайлар бойынша түсініктеме берді.
Талқылау барысында шағын және орта бизнесті қолдау, консультациялық және құқықтық көмек алу, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл тақырыптары, сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына байланысты мәселелер қозғалды.
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Қатысушыларға осы бастаманың мақсаттары мен міндеттері, қолдауға жүгіну мүмкіндіктері және бизнес субъектілерінің құқықтарының бұзылуына ден қою тетіктері туралы қысқаша ақпарат ұсынылды.
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетпаевтың айтуынша, мұндай кездесулер бизнес үшін тікелей сұрақтар қоюға және жедел кері байланыс алуға мүмкіндік береді, бұл жергілікті кәсіпкерліктің тұрақты дамуы үшін шешімдер табуға және жағдай жасауға көмектеседі.