Жұмысшы мамандар жылы: көп нәрсе сол маманға тәуелді

Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Көк жағалы кәсіптер жылы» болып жарияланды.

Әр өңірде халыққа, қоғамға көмектесетін адамдар бар. Бүгінгі кейіпкеріміз – «МЕРЕЙ» жеке кәсіпорнының механизаторы Жасұлан Қаби.

Жасұлан Жангелді ауданында дүниеге келген. 1983 жылдан бері әр салада еңбек етіп келеді. 1996 жылы Амангелді ауданына қоныс аударып, кәсіптік-техникалық училищені бітіріп, Амангелді ауданындағы әртүрлі учаскелерде механизатор, кейін бригадир болып қызмет етті.

2020 жылдан бері «МЕРЕЙ» жеке кәсіпорнында слесарь болып жұмыс істейді. Бұл компания қыс күндері көшелерді күтіп-баптаумен, қар тазалаумен айналысады.

«Мен бұл жұмысты маңызды және қажет деп санаймын». Жүргізушілер кедергісіз өтіп, жаяу жүргіншілер қауіпсіз өтуі үшін аудан орталығындағы көшелерді тазалауға құрал-жабдықтар тартылуда, дейді Жасұлан Қаби.

Мұндай маманға көп нәрсе байланысты екен. Жасұлан жұбайы Шынар екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр. Бүгінде барлығы жоғары білім алып, түрлі салада еңбек етуде.

Вверх