2020 жылдың 8 шілдесінде Қостанай ауданының тұрғыны, ІІМ ардагері Сапар Бектұров хат жолдап, полиция бастығынан қолұшын созуды сұраған.
Сапар Бектұровтың айтуынша, оның қызы Мария Бектурова 3-топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Сол себепті оған мүгедектер арбасы өте қажет дүние. Алайда, оны сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Осындай өтінішпен хат жолдаған Сапар ардагерге Қостанай ауданы полиция бөлімінің бастығы Мұхтар Жайлаубеков жеке құраммен келісіп, арба алып беруді көздейді.
Қостанай ауданының полиция бөлімінің басшылығы Қостанай облысының ардагерлер кеңесімен бірлесіп, Мария Бектуроваға мүгедектер арбасын алуға көмек көрсетті. Енді ол аулада өзі отыруға және серуендеуге мүмкіндік алды.
Өз кезегінде, ІІМ-нің құрметті ардагері С.М. Бектұров полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамына көрсеткен көмектері үшін алғысын білдірді.
–Тәртіп сақшыларға көп рахмет. Қызымның өзі қозғалуына жағдай жасап, өтінішімді жерге қалдырмады. Полиция қатарында осындай асыл азаматтар бары қуантады,-дейді ішкі істер органдарының ардагері Сапар Бектұров.
Полиция бөлімінің бастығы Мұхтар Жайлаубековтың айтуынша, тобылдық тәртіп сақшылар үнемі қайырымдылық іс-шараларының басы-қасында жүреді.
–Бұған дейін де біз қайырымдылық акцияларына қатысып, азаматтарға қолұшын созып тұрамыз. Өзіміздің тікелей міндеттерімізден бөлек, жұртқа жақсылық жасауға әзірміз. Ардагерлердің және көп балалаы отбасылардың ауласын тазартып, азық-түлік алып береміз. Сондай-ақ, қаламызды абаттандыру мәселесіне де атсалысып, биыл полиция қызметкерлері бірнеше түп ағаш отырғызғанын да айта кету керек,-дейді Қостанай ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Жайлаубеков.
На площадке Палаты предпринимателей Костанайской области состоялось важное заседание, в ходе которого был успешно применен…
Акимат Костанайской области вынес на публичное обсуждение проект новых «Правил реализации механизмов стабилизации цен на…
В Костанае прошел личный прием бизнеса, который провел председатель Совета по защите прав предпринимателей и…
В Костанае на заседании Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции обсудили вопрос сопровождения…
Примером эффективного взаимодействия бизнеса и государства стала история индивидуального предпринимателя Валентины Жулыбиной.
Ответы на эти вопросы бизнес получил в рамках Межотраслевого совета по вопросам промышленности и АПК…
This website uses cookies.