Полиция мен ақсақалдар ақылы

Дәл бүгінгі күні тәртіп сақшыларының жұмысы оңай емес. Соңғы үш айдың көлемінде Қазақстан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді. Бірақ, коронавирустан бөлек, басқа да қылмыспен күрес, күнделікті қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты жауапты міндеттер назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда облыстың оңтүстігіндегі Амангелді ауданындағы қылмыстық ахуал туралы полиция бөлімінің бастығы Қайыржан Баженов толық айтып берді.

– Қайыржан Баженұлы, еліміздің құқық қорғау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, яғни қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы Амангелді ауданындағы тәртіп сақтаушыларының қызметіне тоқталып өтсеңіз?

– Еліміздің құқық қорғау саласында соңғы жылдары түрлі реформалар жасалып келеді. Осынау реформалардың бастауы осыдан бірнеше жыл бұрын қабылданған, 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында жатқаны ақиқат. Мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған стратегиялық даму жоспары жасақталып, алуан саланы қамтыған тұжырымдама негізінде бүгінде еліміздің құқық қорғау саласы оң бағытта дамуда.

Атап айта кетер болсақ, тұжырымдаманың «Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту» атты бөлігінде Мемлекет басшысы тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс екендігін ескерте келіп, азаматтарды құқық бұзушылық, бұзақылық секілді қоғамға жат әрекеттермен бірлесіп күресуге шақырған. Бұл – болашақта қоғамдық тәртіпті нығайтуға себеп болып, қылмысты құрықтау бағытында жаңа жүйелердің қабылдануына жол ашқандығы анық.

Еліміздің құқық саласындағы елеулі өзгерістерге келсек, қылмысқа қарсы саясаттың дүниежүзілік деңгейге сәйкес ізгілендірілгендігін атап өтуге болады. Жарқын болашақта бұл жұмыстарды жалғастыра түсу мақсатында Президентіміз тиісті тапсырмалар беріп, нақты міндеттемелер жүктеп отыр. Жалпы, Елбасының халыққа арналған Жолдаулары мен Үндеулерінде құқық қорғау саласы ұмыт қалған емес.

Елімізде құқық қорғау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар полиция жұмысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сапалы қызмет көрсету басымдыққа ие болады.

Бұл үшін полиция бөлімінде азаматтардың барлық өтініштеріне дер кезінде ден қою бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Жыл басында полицияның фронт-кеңсесінде азаматтарды қабылдау жүргізілді және бөлімнің бірінші басшылары оларды жеке жүргізді. Сонымен қатар, бір мезгілде, құзіретті шешім алған азаматтардың өтініштері қаралды.

Полиция мен халықтың белсенді диалогы бүгінгі күні әлеуметтік желілердің көмегімен де құрылып жатыр. Көптеген құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды бүгін біз құрылған ведомстволық аккаунттар, жеке блог және БАҚ арқылы аламыз. Бұл біздің жұмысымыздың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Учаскелік полиция инспекторлары ұялы-қалалық нөмірлермен қамтамасыз етілді. Бұл халықпен кері байланыстың пәрменді тетігін жасайды. Осы нөмірлерге 100-ден астам қоңырау келіп түсті.

Құқық қорғау органдарын реформалау шеңберінде бөлімнің штат санын оңтайландыру жұмысы өткізілді. Бүгінгі күні Амангелді ауданы полиция бөлімінің жеке құрам санынан лауазымдардың 10% қысқартылды.

– Кез-келген мемлекеттің даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және құқық қорғау органдарының азаматтардың құқын қорғауды қамтамасыз ету деңгейімен анықталатыны анық. Жыл басынан бері ауыр қылмыстар мен аса ауыр қылмыстардың және ұсақ құқық бұзушылықтардың көрсеткіші қандай? Оның ішінде аудан аумағындағы мал ұрлығы жайында баяндап берсеңіз?

– Амангелді аудандық Пб-не 2020 жылдың осы уақытқа тіркелген барлық қылмыстық істер саны-16. Өткен жылы бұл кезеңде 30 факт тіркелген. Қылмыстық істер саны 46,7 пайызға азайған. Оның ішінде ауыр қылмыстар саны – 3, оның екеуі сотқа жолданды, ашылу пайызы 66,7. Бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша тіркелген қылмыстық істер-5, былтырғы жылы — 14. Осы тіркелкен 5 ұрлықтың 3-і дер кезінде ашылып, қылмыстық істер сотқа жолданды. Ашылмай тұрған 2 қылмыстық істің екеуі де мал ұрлығы бойынша. Бүгінгі күнде аудан бойынша ең күрделі мәселелердің бірі – мал ұрлығы. Осы ашылмай тұрған 2 мал ұрлықтың бәрі өрістен жоғалған. Мал шаруашылығына қатысты алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатқанына қарамастан, жергілікті тұрғындар малды жайылымда қараусыз қалдырады. Содан кейін малдары жоғалған соң 10 күннен 1 жылға дейін….

Толығырақ газеттен оқи аласыздар

Редактор

Recent Posts

Проблемные вопросы субсидирования требуют системных решений

На площадке Палаты предпринимателей Костанайской области в ходе заседания Совета по защите прав предпринимателей и…

19 часов ago

Аграрии предлагают провести взаимозачет долгов

На площадке Палаты предпринимателей Костанайской области по инициативе прокуратуры области обсудили предложения по снижению финансового…

2 дня ago

Развитие малого бизнеса и женского предпринимательства – важные направления

На заседании отраслевого совета по вопросам развития малого бизнеса и женского предпринимательства Палаты предпринимателей Костанайской…

2 дня ago

Освобождение физических лиц от представления деклараций об активах и обязательствах

В Палате предпринимателей Костанайской области разъяснили механизм освобождения физических лиц от представления деклараций об активах…

2 дня ago

ДЕНЬ СЕМЯН «ТҰҚЫМ-2025

Палата предпринимателей Костанайской области информирует, что 4-5 декабря 2024 года в г. Астана (проспект Сары-арка,…

2 дня ago

РахметАтамекен!

Дауренбекова Елена Александровна стала финалистом проекта «Одно село – один продукт». Она начинающий предприниматель, которая…

3 дня ago

This website uses cookies.