Categories: Новости

Оңтүстік аудандарда рейдтік іс-шаралар жалғасады

Қостанай облысы Полиция департаменітің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау полициясы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Талғат Ахметов тәртіп сақшылардың тынымсыз еңбегінің арқасында облыста браконьерлік деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Полиция қызметкерлері аң аулайтын шаруашылықтарда, жануарлардың төлдеуі өтетін киіктер мекендейтін жерлерде рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бұл жұмысқа екі «Патриот», үш «Шевроле нива», екі «Хайлюкс» және екі УАЗ көілктері жұмылдырылған.

— Рейд барысында мобильдік топтар Қостанай облысы мен Қарағанды және Ақтөбе облыстары шекарасындағы ақбөкен мекендейтін 4 мың километрден астам аумақты сүзіп шықты. Бұл жерлер негізінен ақбөкеннің Бетпақдала популяциясының тіршілік ету ортасы болып табылады. Киік көбіне Торғай аймағына келіп төлдейді. Карантинге байланысты биыл облыста көктемгі аң аулау маусымының ашылуы әлі жарияланған жоқ. Сондықтан киелі жануарларды дәл осы кезеңде браконьерлерден қорғауды күшейтіп отырмыз, — деді Табиғат қорғау полициясы бөлімінің бастығы Талғат Ахметов.

Талғат Ахметовтің айтуынша, полицейлердің тынымсыз еңбегінің арқасында облыста соңғы уақытта табиғатқа қастандық жасау қылмысы біршама бәсеңдеген. Жыл басынан бері табиғат қорғауға қатысты 246 заң бұзушылық тіркеліп, 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. Қазір полицияда заңсыз ағаш кесу бойынша 1, заңсыз аң аулау бойынша 5 қылмыстық істі тергеліп жатыр.

Тәртіп сақшылары таяуда ғана ақбөкен мүйізін интернет арқылы сатқан қылмыскерлерді құрықтады.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, киіктің төлдеуі Торғай аймағының аумағында өтеді. Биыл облыста коронавирустың таралуына байланысты көктемгі аң аулау ашылмады. Маусым айының басында терісі бағалы аңдар мен құстардың кейбір түрлеріне аң аулау басталады. Бұл суырдың, Куликтің, содан кейін интурохот (трофея), одан әрі күзгі аңшылыққа ұласады. Сондай-ақ қыркүйек айынан тұяқты жануарларды аулау басталады.

Қазіргі уақытта полицейлер 6 қылмыстық істі, оның ішінде Алтынсарин ауданында ағаштарды заңсыз кесу бойынша біреуі және заңсыз аң аулау бойынша 5 қылмыстық істі тергеуде. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ақбөкен мүйіздерін интернет арқылы сатқан құқық бұзушыларды құрықтады.

Жыл басынан бері табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 246 құқық бұзушылық тіркеліп, 2 млн.теңгеге жуық айыппұл салынды.

Редактор

Recent Posts

Кайрат Маишев: «Региональный совет — это голос бизнеса, который слышат на всех уровнях»

Эффективное взаимодействие бизнеса и государства — залог экономической стабильности региона. Как сегодня строится этот диалог,…

2 недели ago

С 12 июля — по новым правилам: медицинскому бизнесу разъяснили законодательные изменения

В Палате предпринимателей Костанайской области на заседании Отраслевого совета по вопросам социальной сферы детально разобрали…

2 недели ago

Комитет промышленности подключился к решению проблемы костанайского перевозчика

В Палате предпринимателей Костанайской области на заседании Отраслевого совета по вопросам транспорта рассмотрели кейс местного…

2 недели ago

Больше чем стажировка: опыт участия предприятия «Промбаза 7» в международной программе «Деловые связи»

Программа «Деловые связи», реализуемая при поддержке Национальной палаты предпринимателей «Атамекен», из года в год доказывает…

2 недели ago

Бизнес и гражданское общество объединяют усилия

Палата предпринимателей Костанайской области и Общественный фонд «Гражданский альянс Костанайской области «ГрИн» подписав двусторонний меморандум…

2 недели ago

Костанайский бизнес укрепляет позиции на международной арене: тренды «Иннопром – 2026»

В Екатеринбурге продолжает свою работу «Иннопром-2026» — главная промышленная выставка, ставшая ключевой площадкой для демонстрации…

2 недели ago

This website uses cookies.