Мобильді ақша аударымына салық салына ма? Жиі қойылатын 5 сұраққа жауап

Парламент мобильді аударымдарды реттеу туралы заң қабылдағаннан кейін қоғам ішінде көптеген сұрақтар туындады. Олардың ішінде жиі қойылатын бесеуіне отандық банктің әлеуметтік желідегі ақпаратына негіздей отырып жауап ұсынамыз.

Мен жеке тұлғамын. Менің мобильді ақша аударымым туралы деректер салық органына беріле ме?

Жоқ. Банк құпиясын сақтау талаптарына сәйкес сіздің ақша аударымыңыз туралы деректер салық органдарына берілмейді. Сіз бұрынғыдай жеке мақсатыңыз үшін ақша аудара аласыз және қабылдай аласыз. Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер тек 2025 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр. 2025 жылға дейін ЖК емес және мемлекеттік қызметші емес жеке тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді.

Мобильді ақша аударымына шектеу қойыла ма не салық салына ма?

Жоқ. Жеке тұлғалардың арасындағы ақша аударымына салық салынбайды. Заң жобасында ақша аударымына жаңа салықтың немесе шектеудің пайда болатыны көзделмеген.

Егер кәсіпкер клиенттерден мобильді ақша аударымын алатын болса, ол үшін көтеріңкі салық төлеуі керек пе?

Жоқ. Заң жобасында жаңа салықтың пайда болатыны көзделмеген. Кәсіпкерлік мақсатта мобильді ақша аударымын пайдалану қазірдің өзінде сатушыларды ҚР заңнамасына сай салық төлеу және фискалдық чек беру міндетінен босатпайтынын атап өтеміз.

Мен жеке кәсіпкер не компания басшысымын. Менің мобильді ақша аударымым туралы деректер салық органына беріле ме?

Жалпыға бірдей декларациялауды кезеңмен енгізу туралы заңға сәйкес жеке кәсіпкерге не компания басшысына тиесілі шоттар бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізу белгілерінің бары туралы мәліметтер 2024 жылдан бастап берілетіні көзделіп отыр.

Бұл заң жобасы не туралы?

Заң жобасы жеке тұлғалардың арасындағы мобильді ақша аударымына қатысты емес. Мобильді төлемдер ұғымын және ЖК мен заңды тұлғалар үшін тауарлар немесе қызмет көрсету үшін ақыны арнайы кәсіпкерлік қызметке арналған шоттарға қабылдау міндетін енгізу көзделіп отыр.

informburo.kz

Редактор

Recent Posts

От микробизнеса до инвестиционных проектов: экономический потенциал Костанайской области

В Костанайской области подвели итоги сразу двух масштабных событий — международного Qostanai Investment Forum 2026…

4 дня ago

Защита интересов бизнеса и развитие региона: лидерский подход Ербола Нурхожаева

Возглавляя Районный совет по защите прав предпринимателей при филиале Палаты предпринимателей Житикаринского района Ербол Сапарбаевич…

1 неделя ago

Нормы расхода ГСМ для аграриев рассчитываются на данных еще 2007 года

ГСМ для АПК – стратегический ресурс. Во время заседания Совета по вопросам АПК Палаты предпринимателей…

1 неделя ago

Палата предпринимателей Костанайской области поддержала акцию «Мүмкіндік»

24 июля в Костанайской области прошла областная социально-правовая акция «Мүмкіндік» для лиц с инвалидностью, организованная…

1 неделя ago

На площадке Палаты фермеры обсудили механизмы развития животноводства

На заседании отраслевого совета АПК Палаты предпринимателей Костанайской области обсудили реализацию Комплексного плана по развитию…

1 неделя ago

Новый хаб для выхода казахстанского бизнеса на рынок РФ

На площадке Палаты предпринимателей Костанайской области состоялась презентация проекта — Торгового Дома «Казахстан» (ТДК).

1 неделя ago

This website uses cookies.