Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарақшылық, мал ұрлығы, алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтығы, сондай-ақ бұрын сотталғандардың мас күйінде, отбасылық-тұрмыстық салада және топтасып жасаған қылмыстарының саны айтарлықтай төмендегені туралы баяндалды.

Министр Мемлекет басшысына ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Президент кәмелетке толмағандарға қатысты және отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстың алдын алу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа ішкі істер органдарының қызметін бюрократиядан арылту, жұмыс үдерістерін цифрландыру және автоматтандыру, ішкі рәсімдерді, соның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын оңтайландыру жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысына криминогендік жағдайға мониторинг жасайтын ІІМ Ахуалдық талдау орталығының мүмкіндіктерін кеңейту туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, Президентке Жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзатындарды анықтауға бағытталған жаңа жүйе жұмысының алдын ала нәтижелері туралы айтылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрге еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Осы ретте интернет алаяқтығы мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жандандыру қажеттігі атап өтілді.

Редактор

Recent Posts

Защита интересов бизнеса и развитие региона: лидерский подход Ербола Нурхожаева

Возглавляя Районный совет по защите прав предпринимателей при филиале Палаты предпринимателей Житикаринского района Ербол Сапарбаевич…

1 час ago

Нормы расхода ГСМ для аграриев рассчитываются на данных еще 2007 года

ГСМ для АПК – стратегический ресурс. Во время заседания Совета по вопросам АПК Палаты предпринимателей…

2 часа ago

Палата предпринимателей Костанайской области поддержала акцию «Мүмкіндік»

24 июля в Костанайской области прошла областная социально-правовая акция «Мүмкіндік» для лиц с инвалидностью, организованная…

2 часа ago

На площадке Палаты фермеры обсудили механизмы развития животноводства

На заседании отраслевого совета АПК Палаты предпринимателей Костанайской области обсудили реализацию Комплексного плана по развитию…

2 часа ago

Новый хаб для выхода казахстанского бизнеса на рынок РФ

На площадке Палаты предпринимателей Костанайской области состоялась презентация проекта — Торгового Дома «Казахстан» (ТДК).

2 часа ago

В Костанайском районе состоялась ярмарка вакансий

В районном Доме культуры «Алтын Дан» состоялась ярмарка вакансий, объединившая работодателей и жителей района, находящихся…

2 часа ago

This website uses cookies.