Ұлы ағартушы музейіне барды

Олар аудан орталығында орналасқан Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық музейге барды. Аталмыш мұражай қызметкерлері тәртіп сақшыларына арнап кең көлемді экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия жүргізушісі – «Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешені» мекемесінің әдістемешісі Меруерт Жақсылықова. Оның айтуынша, мұнда ағартушының жазған очерктері, хаттары мен ғалым қолданған қоңыраулар сақтаулы тұр. Осы мұражайдағы әр залдан өлкенің зиялы қауымы пір тұтқан Ыбырай бастаған ұстаздар тізбегінің екі ғасырға астасып жатқан өлшеусіз құнды ісін көруге болады.

–Мұражайдың құндылығы – Ыбырай Алтынсариннің Торғайда алғаш ашылған мектебінің орнына салынғаны. Мұражайға келушілерді қызықтыратыны да осы құндылығы. Экспонаттардың көбісі көшірме болғанымен, түсінетін адам үшін баға жетпес мұра. Жәдігерлердің бірі ертеде қолданған татар оқулығының түпнұсқасы, алғаш ашылған мектептің сызба жоспары және сол замандағы мұғалімнің мектеп формасы, Ыбырай Алтынсариннің жазған очерктері мен алғаш шығарылған қазақша газеттің қолжазба нұсқасының көшірмесі, Торғайдағы қолөнер училищесінің фотосуреті мен қазақ балаларын оқыту үшін әзірлеген үш сатылы оқу жүйесінің сызба нұсқасы осы мұражайда қойылға,-дейді Меруерт Жақсылықова.

Жас тәртіп сақшылары ұлы ұстаздың өмірінен өнеге болар тұстарын өздеріне түртіп алды. ОЛар үшін бұл іс-шара өте пайдалы болғаны рас. Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Алмас Мұқатовтың айтуынша, алдағы уақытта мұндай іс-шаралар көптеп өткізілмек.

Редактор

Recent Posts

От микробизнеса до инвестиционных проектов: экономический потенциал Костанайской области

В Костанайской области подвели итоги сразу двух масштабных событий — международного Qostanai Investment Forum 2026…

1 неделя ago

Защита интересов бизнеса и развитие региона: лидерский подход Ербола Нурхожаева

Возглавляя Районный совет по защите прав предпринимателей при филиале Палаты предпринимателей Житикаринского района Ербол Сапарбаевич…

2 недели ago

Нормы расхода ГСМ для аграриев рассчитываются на данных еще 2007 года

ГСМ для АПК – стратегический ресурс. Во время заседания Совета по вопросам АПК Палаты предпринимателей…

2 недели ago

Палата предпринимателей Костанайской области поддержала акцию «Мүмкіндік»

24 июля в Костанайской области прошла областная социально-правовая акция «Мүмкіндік» для лиц с инвалидностью, организованная…

2 недели ago

На площадке Палаты фермеры обсудили механизмы развития животноводства

На заседании отраслевого совета АПК Палаты предпринимателей Костанайской области обсудили реализацию Комплексного плана по развитию…

2 недели ago

Новый хаб для выхода казахстанского бизнеса на рынок РФ

На площадке Палаты предпринимателей Костанайской области состоялась презентация проекта — Торгового Дома «Казахстан» (ТДК).

2 недели ago

This website uses cookies.