Ерлік көрсеткен ерлердің еңбегі жанды

Ішкі істер органдарының қызметкерлері өзінің қызметтік және азаматтық борышын орындау барысында, көбінесе өміріне қауіп төндіре отырып, азаматтарды қылмыстан қорғайды, апаттан құтқарады және өмірлік қиын жағдайларда көмектеседі. Осы және басқа да сіңірген еңбегіне орай Рудный тәртіп сақшылары марапатқа ие болды.

Жеңіс күніне орай патрульдік полиция ротасының инспекторы Мақсұт Досыбаев ІІМ «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, 22 наурызда полиция аға лейтенанты Мақсұт Досыбаев әріптесі Төлеген Қазтаевпен бірге жанып жатқан пәтерден мүгедек әйелді құтқарған болатын.
Сондай-ақ, ІІМ зейнеткері, Рудный қаласы Полиция басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция подполковнигі Жақсыбай Өскімбаев та құрметке бөленді. Қазіргі ұрпақ үшін зейнеткер қызметте табысты еңбек етіп келеді. Әріптестері оған зор денсаулық, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, 22 полицейдің шендері өсті. Оның 16 офицерлік және 6 сержанттық құрам.

Карантин жағдайында тәртіп күзетіне ерекше жауапкершілік жүктеледі. Күн сайын Рудный қаласының 300-ден астам полицейі қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ біздің ортақ игілігіміз үшін қызмет атқарады.

— Барлық жеке құрамды Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күні қарсаңында, сондай-ақ атақ алған қызметкерлерді құттықтаймын. Күн сайын, полиция қызметкерлері өз өмірлерін қатерге тігіп, азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қызмет атқарады. Осындай марапаттар мен атағын көтеру сіздердің кәсібиліктеріңіздің жоғары бағасы, — деп полицейлерді Рудный қаласы полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажикбаев құттықтады.

Редактор

Recent Posts

От микробизнеса до инвестиционных проектов: экономический потенциал Костанайской области

В Костанайской области подвели итоги сразу двух масштабных событий — международного Qostanai Investment Forum 2026…

2 недели ago

Защита интересов бизнеса и развитие региона: лидерский подход Ербола Нурхожаева

Возглавляя Районный совет по защите прав предпринимателей при филиале Палаты предпринимателей Житикаринского района Ербол Сапарбаевич…

2 недели ago

Нормы расхода ГСМ для аграриев рассчитываются на данных еще 2007 года

ГСМ для АПК – стратегический ресурс. Во время заседания Совета по вопросам АПК Палаты предпринимателей…

2 недели ago

Палата предпринимателей Костанайской области поддержала акцию «Мүмкіндік»

24 июля в Костанайской области прошла областная социально-правовая акция «Мүмкіндік» для лиц с инвалидностью, организованная…

2 недели ago

На площадке Палаты фермеры обсудили механизмы развития животноводства

На заседании отраслевого совета АПК Палаты предпринимателей Костанайской области обсудили реализацию Комплексного плана по развитию…

2 недели ago

Новый хаб для выхода казахстанского бизнеса на рынок РФ

На площадке Палаты предпринимателей Костанайской области состоялась презентация проекта — Торгового Дома «Казахстан» (ТДК).

2 недели ago

This website uses cookies.