Биылғы түлектермен және олардың ата-аналармен kostacademy.kz Instagram парақшасының тікелей эфирінде өткен онлайн кездесуде Қаазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы Нұрлан Биекенов алдағы мемлекеттік емтихандардың ұйымдастырылуы мен шарттарын атап өтті.
Оқу орнының бастығы тікелей эфирдегі жүздесуде төтенше жағдайға байланысты академияда жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, қазіргі кезде мемлекеттік емтихан алдындағы практикасын өткеріп жатқан түлектердің қорытынды аттестаттауға қатысты сұрақтарына жауап берді.
Атап айтқанда, Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, биыл мемлекеттік бітіру емтихандары қашықтықтан оқыту форматында өткізіледі. Ол базалық пәндер бойынша тестілеуден және бейінді пәндер бойынша онлайн режиміндегі ауызша емтиханнан тұрады.
Курсанттардың білімін объективті бағалау үшін емтихан қабылдау рәсіміне әкімшілік полиция және өзіндік қауіпсіздік саласының тәжірибелі қызметкерлері қатысып, бақылайтын болады.
Мемлекеттік емтихандарды қашықтық форматында ұйымдастыру аясында академияның атынан аумақтық бөліністерге ағымдағы жағдай ескеріле отырып, мерзімдері оңтайландырылған емтихандарды тапсыру кестелері жіберілген.
Оқу бітірушілердің емтихандарға дайындығын тиімді ұйымдастыру мақсатында академия «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес қысқа мерзімді демалыс беруді ұсынды.
Онлайн шара барысында жалпы 50-ден астам сұрақ келіп түсті. Оның ішінде балаларының алдағы емтиханына уайымдайтын ата-аналардың, сондай-ақ, академияны тәмамдап жатқан Тәжікстан Республикасы азаматтарының салмақты сұрақтары да болды.
Академия бастығы ата-аналарды алаңдамауға шақырып, қорытынды аттестаттауда түлектің білімі кешенді түрде қаралатынын, яғни курсанттардың 4 жыл ішінде алған білімі мен білігі, тәртібі мен тәрбиесі де, бір сөзбен айтқанда, жалпы маман ретінде қаншалықты пісіп-жетілгені ескерілетінін түсіндірді. Ал Тәжікстан азаматтарына қатысты, қазіргі таңда сол елдің өкілдерімен келіссөз жүргізіліп жатқанын, оның да көп кешікпей оң шешімін табатынына сенімді екенін жеткізді.
Тікелей эфирдегі кездесудің соңында, академия бастығы төтенше жағдайға байланысты елімізде енгізілген талаптарды толық сақтағанда ғана мұндай сындарлы сәттерден сүрінбей өтуге болатынын байыптап, бірлесе еңбектенуге үндеді.
Өз кезегінде, академия басшылығымен және шығарушы кафедралардың оқытушыларымен онлайн жүздесуге қатысып, көкейлеріндегі сұрақтарына толымды жауап алғандары үшін түлектер ризашылықтарын білдірді.
Эффективное взаимодействие бизнеса и государства — залог экономической стабильности региона. Как сегодня строится этот диалог,…
В Палате предпринимателей Костанайской области на заседании Отраслевого совета по вопросам социальной сферы детально разобрали…
В Палате предпринимателей Костанайской области на заседании Отраслевого совета по вопросам транспорта рассмотрели кейс местного…
Программа «Деловые связи», реализуемая при поддержке Национальной палаты предпринимателей «Атамекен», из года в год доказывает…
Палата предпринимателей Костанайской области и Общественный фонд «Гражданский альянс Костанайской области «ГрИн» подписав двусторонний меморандум…
В Екатеринбурге продолжает свою работу «Иннопром-2026» — главная промышленная выставка, ставшая ключевой площадкой для демонстрации…
This website uses cookies.